Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азаматтық некені қолдаймын, бірге тұруды өзім ұсындым: Фариза Ескермес өз шындығын айтты

16:45, 08 қазан 2024 937

Актриса Фариза Ескермес азаматтық неке туралы ойын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы Анара Батырханға берген сұхбатында баяндады.

“Азаматтық некеге жақсы қараймын. Бір-бірімен бір үйде қалай тұру керек екенін, үй тірлігіне келгенде адамның қандай екенін білуге болады. Сыртта емес, кездесуде емес, үйдің ішінде адаммен қалай тұра аласың? Осы маңызды. Бір-бірін толық білмей жатып адамдар үйлене салады. Кейін бір жыл немесе жарты жылдан кейін ажырасып жатады. Мен бірге тұру туралы тақырыпты өзім бірінші ұсындым. Тұрмысқа шығатын қыз емес екенімді бірден айттым. Тұрып көрейік дедім. Ол да келісті. Өзі де бұрын айтқысы келіп жүрген, бірақ ұялған. Бірге тұрып көрдік. Қандай көрегенді, тәрбиелі, сөзінде тұратын адам екенін көрдім”,- деді актриса Фариза Ескермес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар