Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«AZAL ұшағының апатына Ресей Қорғаныс министрлігі кінәлі» — Джейхун Байрамов

16:39, 26 ақпан 2026

Әзербайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі ұшақтың апатына қатысты ұстанымы өзгермейді. Бұл туралы Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады AlashKZ.

Министр «Ана зары» ескерткішіне Ходжалы қырғынының 34 жылдығына орай барған кезде сөйлеген сөзінде Әзербайжан тарапының бұл мәселедегі позициясы «қатаң әрі принципті» екенін атап өтті.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қазан айында Әзербайжан мен Ресей президенттерінің кездесуінде Ресей президенті мәлімдеген шаралар толық жүзеге асуы тиіс.

«Ұшақ апаты Ресей Қорғаныс министрлігінің кінәсінен болды. Біз осы факт бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып, құқықтық баға беріліп, тиісті өтемақы төленеді деп күтеміз», - деді Байрамов.

СІМ басшысы бұл мәселе бойынша Әзербайжанның ұстанымы ең жоғары деңгейде ашық айтылғанын және өзгермейтінін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар