Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аймағамбетов трансвеститтер шоуына барған мұғалімдер туралы айтты: Олар 24 сағат ұстаз болуға міндетті емес

12:18, 28 маусым 2024 631

Түркиядағы демалысы үшін жұмысынан айырылған қызылордалық екі мұғалім мектеп директорын сотқа беріп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy.сайтына сілтеме жасап

«Қоғамда екі түрлі пікір қалыптасқан: бірі мұғалім 24 сағат ұстаз болуы керек десе, екіншісі мұғалім қызмет уақытында ғана маман, қалған уақытта біз сияқты азамат дейді. Оның басқа да әлеуметтік рөлдері бар. Мен екінші пікірге қосылам, сондықтан 24 сағат «сен мұғалімсің, өзіңді мұғалім секілді ұстауың керек» деу тиімді емес. Оның да жеке өмірі бар. Әрине, этикалық мәселелерді ешкім жоққа шығарып жатқан жоқ. Бірақ сол этикалық сұрақтардың ішінде мұғалімнің жеке өмірі қорғалуы керек және заңмен қорғалады», - деді депутат.

Аймағамбетов мұғалімге қысым жасап, жұмыс уақытынан тыс кезде «кафега бардың, тойға бардың, балаларыңмен сырғанақ ойнадың» деп айып тағу дұрыс емес.

«Мұғалім сабақ үстінде ғана мұғалім, сабақтан кейін, әрине, этикалық талаптарды сақтай отырып, өзі қалаған нәрсемен айналысуға құқы бар», - деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар