Өскеменде автотұрақ маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz. YK-news.kz.сайтына сілтеме жасап.
13 қараша таңертең тұрғындар Қайсенов көшесі, 117 мекенжайы маңында автокөліктердің арасында жерде жатқан ер адамның мәйітін байқап, полицияға хабар берген. Куәгерлер марқұмды көлік қағып кетуі мүмкін деп болжаған, деп жазады
Алайда бұл жорамал расталмады.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі:
«ЖКО фактісі анықталмады», — деп хабарлады.
Қайтыс болған адамның жеке басы мен нақты өлім себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.