Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Автопарк екі аяғынан айрылған 8 жасар қызға өмір бойы ақша төлеп тұрады

11:52, 12 маусым 2025 215
 

Алуаның анасының бауыры автопарк басшылығымен кездескендерін, олар Алуаның отбасын өмір бойы қамтамасыз етуге уәде бергенін мәлім етті, деп жазады Alash.KZ.  

Автопарк өкілдері апаттан зардап шеккен Алуаның бауырларына да көмектесуге уәде беріп отыр.

"Бүгін №1 автопарктің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатовпен эмоционалды әрі күрделі әңгімелесу өтті. Біздің отбасылық қайғымызға, Алуаға адамшылықпен қарағандарын көрдік. Автопарк басшылығы жол-көлік апатына жауапкершілік алып, Алуаның да, Махаббаттың басқа 4 баласының да лайықты өмір сүруін автопарк өмір бойы қамтамасыз ететін болды. Шығындарды төлеуге кепілдік берді. Қазір біз Алуа мен Махаббаттың отбасының өмір бойғы шығындарын инфляцияны ескере отырып есептеу үшін заңгерлер мен экономистерге жүгіндік. Біздің келісім заң тұрғысынан қалай бекітілетінін, Әкімдік оны қалай орындайтынын хабарлап отыратын боламыз", – деп жазды help.aluabeken парақшасындағы жазба авторы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

23 бала көз жұмды

15:47, 12 маусым 2025 198