Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Автобус тоқтап, соңынан келе жатқан көлік соққан". Қостанайда 68 жастағы әйелді көлік қағып өлтірді

19:12, 13 желтоқсан 2025

Қостанай қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 68 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz Қостанай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 желтоқсан күні күндіз Қабанбай батыр даңғылындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. ВАЗ-2114 маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кеткен. Әйел алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізу үшін тоқтағанымен, артынан келе жатқан жеңіл автокөлік әйелді соққаны байқалады.

Полиция мәліметінше, көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар