Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аузына “тығып” кеткен: басында ауыр жарақат бар: Тағы да әскердегі өлімнің сұмдық ақпараты шықты

19:32, 19 қараша 2024 1555

Қазақстан армиясында тағы бір әскери қызметшінің өліміне қатысты мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл жолы 27 жастағы капитан Дархан Нұрланұлы қаза тапты. Tengrinews.kz тілшісі қаза тапқан офицердің ағасымен сөйлесіп, оқиғаға қатысты шок тудыратын мәліметтерді анықтады.

Айта кетейік, марқұм офицердің туыстарының нұсқасы Құрлық әскерлері баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметтерден түбегейлі ерекшеленеді.

Қайғылы оқиға 14 қарашаға қараған түні болған. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қарасты Жаркент қаласындағы №74261 әскери бөлімінің инженерлік қызметінің бастығы, 27 жастағы Дархан Дәулет тәуліктік нарядта болған. Дарханның денесі түнгі сағат 1-де әскери бөлім аумағынан табылды. Оның туыстарының айтуынша, марқұмның қолы мен аяғы “қарлығаш” позасында байланған, аузына кляп салынған. Сонымен қатар, басынан жарақат анықталған.

Марқұм офицер Дархан Дәулет. Фотоны туыстары ұсынған.

“Бізге, ата-анасына, ұлымыздың өлімі туралы тек 6 сағат өткен соң, яғни таңғы 7-де хабарлады. Ұлымның денесінде зорлық-зомбылық іздері, көптеген соққылардың ізі, басындағы жарақат және қан ұйыған іздер бар. Мен ұлымның өліміне кінәлілердің барлығын заң аясында жауапқа тартуды және қажетті тергеу шараларын жүргізуді талап етемін, себебі осы іске қатысы бар адамдардың барлығы қамауға алынған жоқ. Менің сенімімше, ұлымды өлтіруге осы бөлімнің ықпалды офицерлері қатысқан. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде баламның өліміне қатысты жалған ақпарат таралуда, яғни ол түнгі 01:00-де диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс жаттығу кезінде қаза тапты деп айтылуда. Бірақ түнгі 1-де қандай жаттығулар болуы мүмкін?” – деді марқұм офицердің анасы Назгүл Досыбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар