Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Аузын ашып жатыр екен. Үстінің бәрі балшық»: Атырауда жоғалған отбасыға қатысты сұмдық ақпарат шықты (ВИДЕО)

08:47, 11 ақпан 2026

Атырау облысында хабар-ошарсыз жоғалған отбасының ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп жазады Alash.kz. 

«Qazaq Airan» YouTube арнасы бұған дейін Жангелдин ауылында жүргізілген түсірілім жұмыстары кезінде кадр сыртында қалған маңызды ақпараттарды жариялады. Атап айтқанда, марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шыламағамбетова жоғалған жандардың туыстарымен болған сұхбат барысында бұрын-соңды айтылмаған мән-жайларды ортаға салды. Бұл мәліметтер осыған дейін жарық көрген материалдардың толықтырылған нұсқасы ретінде ұсынылып отыр.

"Моргке бардым, өзімнің көзімді жеткізу үішн ағама кірдім. Қолындағы жазуын таныдым. Аузын ашып жатыр екен. "Өзімнің ағам, таныдым" деп айттым. Үстінің бәрі балшық болды. Беті де балшық. Жуындырмай тұрып көрсетті. Жуындырғаннан кейін көрсеткен жоқ", – деді марқұмның қарындасы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар