Балабақшада ораза ұстаған баланың видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz.
Балабақшада тәрбиеші кішкентай қыздан тамақ ішесің бе деп сұрайды. Сонда бүлдіршін төмен қарап, жай ғана: «Жоқ… мен оразамын», — деп жауап беріп, көзіне жас алады.
Бұл әсерлі сәт әлеуметтік желіде көпшіліктің жүрегін елжіретіп, мыңдаған адамды толқытты. Кейбір оқырман наразы екенін жеткізді.
"Әкесі мен шешесі қинап ұстатқан", "Бұл зорлық қой", "Бала аштықтан жылап отыр" дегенге саятын пікір жазғандар бар.