Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ауыздарыңды жапқандарың дұрыс": Әлем чемпионатында сүрінген боксшымыз шындықты жайып салды

17:05, 10 қыркүйек 2025 139

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов жарысты аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

75 келіге дейінгі салмақта өткен 1/8 финалда Аққалықов украиналық спортшы Павел Илюшаға төрешілер шешімімен жол берді.

"Бұл чемпионат мен үшін аяқталды. Бір жерде қателестім, бір жерде шыдай алмадым... Айтатын артық сөзім жоқ. Ал спортшыларды сынап жүргендерге айтарым – ауыздарыңды жапқандарың дұрыс. Біз қаншама уақыт жаттығамыз, туған-туысты көрмей, терімізді де, қанымызды да аямай дайындаламыз. Мұның бәрі еліміздің туы көтерілуі үшін жасалады. Сіздер тек финалды, медальді, тұғырды көресіздер. Жеңсең – жақсысың, жеңілсең – жамансың. Ал спорт – болжап болмайтын дүние. Бүгін сен чемпионсың, ертең қарапайым қатысушыға айналып кетуің мүмкін", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар, ол кәсіпқой бокста екі рет рингке шығып, екеуінде де жеңіске жеткен (2-0, 2 КО).

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар