АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі Америка Құрама Штаттарында заңсыз жүрген отандастарды елден ерікті түрде шығуға арналған жаңа бағдарламаға қатысуға шақырды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Дипломатиялық миссия бұл туралы ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында үндеу жариялады.
«АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) ел аумағында иммиграциялық заңнаманы бұза отырып жүрген шетел азаматтарына елден ерікті түрде шығуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламаны іске қосты», – делінген хабарламада.
Бағдарлама аясында отанына өз еркімен қайтуды шешкендерге кері ұшақ билеті үшін шығындар төленеді, сондай-ақ елге оралған соң бір реттік 1 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек қарастырылған.
Өтінім беру үшін CBP Home мобильді қосымшасын пайдалану қажет.
«Ерікті түрде елден шығу – тұтқындалу мен басқа да ауыр зардаптардан қашудың ең қауіпсіз, тәртіпті әрі үнемді жолы», – деп келтірілген АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің сөздері.