Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ауыр эмоционалды күйзелісте болған». Қайғылы жағдай: Алматыда 38 жастағы әйел терезеден секіріп, мерт болды (ВИДЕО)

20:34, 05 маусым 2026

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адам биіктен құлап қаза болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала таралған ақпараттарға қарағанда, 1988 жылы дүниеге келген азаматша бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен және алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырған. Шақыртумен жеткен жедел жәрдем қызметкерлері тек оның өлімін тіркеуге мәжбүр болды. Сондай-ақ марқұмның соңғы кездері жеке өміріндегі мәселелерге байланысты қатты күйзеліске түскені белгілі болды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның толық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар