Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ауылдан адам көшкенмен...". Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдардың жойылатыны хабарланды

12:37, 23 қараша 2024 894

Аталмыш ақпарат "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта хабарланды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанның бірнеше өңірдегі ауылдарды жою туралы шешім қабылданған, деп жазды,  деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Ойыл ауданына қарасты Ойыл ауылдық округінде орналасқан Екпетал ауылы таратылатын болған. 

Жалпы көлемі 3536 гектарды құрайтын таратылған ауылдың аумағы Ойыл ауылының құрамына енгізіледі. Осыған байланысты Ойыл ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 34 650 гектарға жетті.

Сонымен қатар, Қазақстанның өзге өңірлеріндегі ауылдардың да таратылатыны мәлім болды. Мәселен, Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Созақ өңіріндегі бірнеше елді мекенді жою туралы шешім қабылданды:

- Құмкент ауылдық округіндегі Қызылқанат ауылы;

- Созақ ауылдық округіндегі Шақырық ауылы;

- Шолаққорған ауылдық округіндегі Теріскей ауылы;

- Шолаққорған ауылдық округіндегі Жеткіншек ауылы.

Құжат 6 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сонымен қатар, 24 KZ арнасының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында 45 ауылды тарату жоспарланып отыр. Аз халқы бар ауылдар көршілес елді мекендерге қосылады. Аймақтық өзгерістер облыстың он бір ауданындағы елді мекендерді қамтиды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар