Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ауыл тұрғынын пышақтаған»: Шиелідегі жасөспірім қылмысы елді шошытты

11:04, 28 қыркүйек 2026

Қызылорда облысының Шиелі ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім жергілікті тұрғынды пышақтап, іс бойынша сот бұлтартпау шарасын қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Полицияға дене жарақатын алған ауыл тұрғыны арызданғаннан кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталды. Мән-жайға байланысты Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрсұлтан Алтай ресми мәлімдеме жасады.

«Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады», — деді Нұрсұлтан Алтай. 

Оның айтуынша, сот күдіктіні үйқамаққа алу санкциясын берген, ал іс материалдары әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары облыстық полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар