Шу ауданының Көкқайнар ауылында күреспен боксқа арналған заманауи спорт залының құрылысы аяқталды. Бұқаралық спортты дамытуға және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған бұл әлеуметтік жоба «Қазақмыс» Тобының әлеуметтік әріптестік жөніндегі меморандумы аясында жүзеге асырылды, деп жазады Alash.kz.
Жалпы ауданы 481,6 м² құрайтын жаңа бір қабатты спорт кешені тәрбиеленушілерді қабылдауға дайын. Нысан қауіпсіздік стандарттарына сай жобаланды және бір ауысымда 30-ға жуық бала мен жасөспірімнің жаттығуына мүмкіндік береді. Күрес пен бокс залдарының әрқайсында бір мезетте 15 адамға дейін жаттыға алады. 
Кешеннің ішкі кеңістігі барынша ыңғайлы ұйымдастырылған. Мұнда арнайы жаттығу аймақтары, ыңғайлы киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер, санитарлық торап және жаттықтырушыларға арналған кабинет қарастырылған. Іргелес аумақта келушілер үшін арнайы автотұрақ, ал ғимараттың жанында таза ауада спортпен шұғылдануға арналған алаң жасалды.
Жобаны іске асыруға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 268,5 млн теңгені құрады. Ауылдық аумақта заманауи нысанның пайда болуы сапалы спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттырды. Жаңа кешен ауыл жастарына қолайлы жағдайда жаттығуға, жарыс өткізуге мүмкіндік береді және ауылдан шықпай-ақ болашақ спортшыларды даярлауға берік негіз қалыптастырады.
Жобаны қолдау «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындары орналасқан өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өткен жөн.
Ауыл жастарына қолдау: Шу ауданында Қазақмыстың қолдауымен жаңа спорт кешені бой көтерді
Тарихи медаль! Ирина Юнусметова нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік үштікке енді
18:00, 04 қараша 2026
«Мектеп әкімшілігі шұғыл шағымданған»: Павлодарда екі оқушы қыздың зорланғаны расталды
16:57, 04 қараша 2026
«Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін...»: Министрлік маңызды бастаманы қолға алды
16:46, 04 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады – Нұрлыбек Нәлібаев
16:28, 04 қараша 2026
Қаралы хабар: Бар қазаққа белгілі ақын, журналист 60 жасында өмірден озды (ФОТО)
15:10, 04 қараша 2026
«Өз көзіммен көріп шықтым»: Нұрлыбек Нәлібаев автожолдардың құрылысы туралы айтты
14:54, 04 қараша 2026
Қаралы хабар: Астанада міндетін атқару барысында 35 жастағы полиция қаза тапты
14:22, 04 қараша 2026
Қайғылы жағдай: Ақтөбеде 16 жасар студент жатақханa терезесінен құлап, қаза тапты
12:11, 04 қараша 2026
Щучинскідегі 12 адамның өмірін қиған жарылыс: Сот процесі туралы тың дерек шықты
11:02, 04 қараша 2026
«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді
10:22, 04 қараша 2026
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады
18:00, 03 қараша 2026
«Алаңда ауыр жарақат алған». Қаралы хабар: 30 жастағы футболшы қаза тапты (ВИДЕО)
17:48, 03 қараша 2026