Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ауруханаға түскен үш сарбаздың жағдайы қалай?»: Каспийдегі трагедияға қатысты жаңа дерек шықты

11:40, 28 қыркүйек 2026

Каспий теңізіндегі трагедиядан аман қалған әскери қызметшілердің қазіргі денсаулық жағдайы мен емделу барысы туралы жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Медициналық мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға болған күні, яғни 24 қыркүйекте ауруханаға Ақжол Темерхан жеткізілсе, 26 қыркүйекте тағы екі сарбаз Никита Удалов пен Бекет Қуандық емдеу орнына түскен. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта аман қалған үшеуі де терапия бөлімшесінде жатыр, олардың жағдайы тұрақты, өздігінен қозғалып жүр, есі кіресілі-шығасылы емес, анық және ешқандай шағымдары жоқ. Дәрігерлер пациенттерді динамикалық бақылауда ұстауды жалғастыруда. Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы оқу-жаттығулары кезінде ауа райының күрт нашарлауы салдарынан әскери қызметшілер тобы ашық теңізге ағызылып кетіп, оқиға 14 адамның өмірін қиған болатын. Бұған дейін құтқарылған әскери қызметшілердің бірі Никита Удаловтың отбасы оның аман қалуы мен көрсеткен батылдығы туралы мәліметтермен бөліскен еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар