Алматының Алатау ауданында жаңа тұрғын үй кешеніне қоныстанған тұрғындар ерекше қоныс той ұйымдастырды. Мерекелік шара үшін аулаға жиналған көршілерден бөлек, арнайы шақырылған өнер иелері де қатысты, деп жазады Alash.KZ.
Arena City Life тұрғын үй кешенінің тұрғындары аулаға үлкен дастархан жайып, жаңа баспаналы болған қуаныштарын көршілерімен бірге атап өткен. Шараға шамамен 200-300 адам жиналған.
Қоныс тойдың сәнін асаба, аниматор және опера әншісі келіп, мерекелік бағдарлама ұйымдастырған. Тұрғындар үшін бұл шара жаңа үйге көшумен қатар, көршілермен танысып, ауызбіршілік қалыптастырудың да бір мүмкіндігі болған.
Айта кетейік, тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің кілті жаңа иелеріне биылғы қыстан бастап табыстала бастаған. Қазір тұрғындар үйлеріне біртіндеп көшіп, жаңа баспаналарына орналасып жатыр.
Жаңа қоныс иелері үшін ұйымдастырылған ауқымды шара әлеуметтік желіде де назар аудартып, көпшіліктің қызығушылығын тудырған.