Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауыр қылмыс жасаған Кәрім Мәсімовтің бұрынғы "күйеу баласын" тауып бергендерге сыйақы берілмек

17:44, 15 тамыз 2024 187

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz  сайтына сілтеме жасап.

"Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы. Бұлтартпау шарасы – "Қамауда ұстау", - делінген хабарламада.

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауға болады: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электронды пошта kb.vko@antikor.gov.kz).

Антикор іздестіруге көмектескендерге сыйақы берілетінін және деректері құпия сақталатынын айтып отыр.

Айта кетейік, БАҚ-та Азамат Қапенов "Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы" ретінде аталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар