Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында оқырмандарын ойға қалдырған астарлы жазба жариялап, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесінің бұл сөзі желі қолданушылары арасында түрлі болжамдар мен пікірталастарға арқау болды. Нақты қандай жағдайды меңзегені және бұл сөзді қандай мақсатпен бөліскені әлі де жұмбақ болып отырған әнші өзінің парақшасында:
«Әуелі төсек тербеледі, сосын бесік тербеледі», – деп қысқа қайырды.
Бұл сөзден кейін оқырмандар қауымы өнер иесін бірден сөз астына алып, пікір алаңын қыз-қыз қайнатты. Желі қолданушыларының ішінде «Толқыны, телефонын алып қоясыз ба ағаның», «Күз ешкімді аямады», «Өзіңдей Қайратқа қарашы», «Әңгімесі төсектің айналасында екен ғой», «Ұят болды не болса да» деп реніштері мен әзіл-оспақтарын жаудырғандар көп болды.
