Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әуежай ішінде түкіріп, тәртіпсіздік көрсеткен Қытай азаматы рейстен шығарылды

20:01, 22 қаңтар 2025 222

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі Алматы-Шымкент бағыты бойынша ұшпақ болған жолаушыны ұстады, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеп. 

Полицияның мәліметінше, 34 жастағы Қытай азаматы отырғызу кезінде әуежай ішінде түкіріп, қоғамдық орынды ластаған.

Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол рейстен шығарылды.

Көліктегі полиция басқармасы жыл басынан бері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 5249 құқық бұзушы, оның ішінде 499-ы қоғамдық аумақтарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар