Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әуе кеңістігінде украиналық дрон болған” - Путин Әлиевке ұшақ апатының себебі туралы ресми мәлімдеме жасады

09:35, 10 қазан 2025 160

Тәжікстан астанасы Душанбедегі “Орталық Азия – Ресей” саммитінде Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев кездесті, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл - Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағынан кейінгі екі ел көшбасшыларының алғашқы жүздесуі. Апат салдарынан ондаған адамның өмірі қиылған болатын. Кездесу шамамен бір сағатқа созылып, негізгі тақырып әуе апатының себептері болды.

Путиннің айтуынша, Ресей бұл оқиға бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Ол ұшақ апаты “бірнеше факторға байланысты” екенін айтты.

“Біріншіден, сол түні әуе кеңістігінде украиналық дрон болған. Біз Ресей шекарасын кесіп өткен үш ұшқышсыз аппаратты тіркедік. Дәл сол күні, апаттың болған сәтінде.

Екіншіден, Ресейдің әуе қорғаныс жүйесінде техникалық ақау болған. Екі зымыран ұшаққа тура соққы бермей, шамамен он метр қашықтықта жарылған. Мүмкін, бұл өздігінен жойылу жүйесінің іске қосылуы шығар”, - деді Путин Ильхам Әлиевпен кездесу кезінде.

Ресей басшысы Әзербайжан халқына көңіл айтып, апаттың себептері толық зерттелетінін және халықаралық сарапшылардың қатысуымен тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар