Атырау облысына қарасты Жангелдин елді-мекенінде орын алған таргедияға қатысты күдіктілердің елге жеткізілген сәтінің бейнежазбасы жария болды, деп мәлімдейді Alash.kz.
КТК телеарнасының Атырау облысындағы тілшісі Жанат Молдашева аталмыш оқиғаға қатысты былай деп жазды:
Сұлтан Сәрсемалиев (Interpol Red Notice) және Ақбаян Мұқанғалиева (Yellow Notice) Ломбок аралында қолға түсті. Оларды Қазақстан билігі адам өлтіру ісіне қатысы бар деген күдікпен іздеген.
Тексеруден кейін күдіктілер Индонезия полициясының арнайы тобының бақылауымен Балиден Алматыға жеткізіліп, 8 наурыз күні Алматы халықаралық әуежайында Қазақстан полициясына тапсырылды.
Бұл операция Индонезия құқық қорғау органдары мен INTERPOL арқылы халықаралық полициялардың тиімді ынтымақтастығын көрсетті.