Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраудағы сотта күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев әйелінің бауырлары Наурыз мен Мейрамгүлді қалай өлтіргенін айтып берді

22:15, 11 маусым 2026

Айыпталушының айтуынша, Наурыз бірден көз жұмбаған, күдікті шамамен 15 минут аулада отырып, күткен. Кейін ол қайтадан үйге кіріп, Наурыздың еденде жатқанын көрген.

“Менде мұндай жағдай алғаш рет болды, мен тіпті бұрын мал да сойып көрмеппін. Шынымды айтсам, полиция шақырғым келді, бірақ менің бес балам бар, ең кішісі ол кезде 4 айлық еді. Әйелім оларға қарай алмайды", – деді айыпталушы.



Сарсемәлиев Мейрамгүлді қалай өлтіргенін де айтып берді. Оның айтуынша, Жангелдинде ата-анасын өлтіргеннен кейін, Мейрамгүлді өздерімен бірге алып кеткен.

“Ол менің ар-намысыма тиетін сөздер айтты. Бұрын анасы айтатытын сөздерді қайталай берді. Оның аузын жапқым келді де, пышақпен бетіне ұра бастадым. Менде өкініш болған жоқ. Үш адамды өлтіргеннен кейін, бәрібір болып кетеді екен", – деді күдікті.



Кейін Мейрамгүлдің денесін бұрын Наурызды көмген шұңқырға бетін төмен қаратып көміп тастаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар