Атырау облысының Жаңгелдин ауылында Карабалиндер әулетіне қатысты кісі өлтіру оқиғалары бір уақытта жасалмаған, деп жазады Alash.KZ сайты «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Атырау облыстық прокуратурасының мәліметіне сәйкес, күдікті Наурыз Мұқанғалиевті мамыр айында, ал оның отбасының қалған үш мүшесін қараша айында өлтірген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол қылмысты жалғыз өзі жасаған.
Қаза тапқандардың денелерінен асүй пышағымен салынған көптеген пышақ жарақаты анықталған.
Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті Сәрсемалиев есі дұрыс деп танылған. Ал оның бұрынғы жұбайы, қаза тапқандардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты Алматы қаласында қайта психиатриялық сараптама тағайындалды.
Іс мамыр айында сотқа жолдануы мүмкін. Марқұмдардың туыстары сот процесінің ашық түрде өтуін талап етіп отыр.