Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраудағы жантүршігерлік қылмыс: прокурор Сұлтан Сәрсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады (ВИДЕО)

12:38, 09 шілде 2026
 

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне қатысты атышулы іс бойынша тараптардың жарыссөзі басталды, - деп хабарлайды Alash.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев өзінің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға 2025 жылдың аяғында Атырау облысының Жангелдин ауылында болған.

Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары бойынша кінәлі деп тануды және оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.

 
 
 

"Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөлігі негізінде Сұлтан Сәрсемалиевке түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын", - деді прокурор.

Бұдан бөлек, айыптау тарапы өзге де тағылған баптар бойынша жаза тағайындауды, сотталушыдан Жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК, процестік шығындар ретінде 2 512 128 теңге өндіріп алуды, сондай-ақ күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Сәрсемалиевтің өзі Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтіру эпизоды бойынша айыпты мойындамады.

Сот жарыссөзі аяқталғаннан кейін сотталушыға соңғы сөз беріледі, содан кейін сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Ол Мейрамгүл Қарабалинаны, сондай-ақ жұбайының әкесі мен анасын қасақана өлтіргенін растады.

Дегенмен, сотталушы Наурыз Мұқанғалиевті өлтіру алдын ала жоспарланбағанын алға тартты. Сәрсемалиевтің айтуынша, ол жәбірленушінің өзі арандатқан жанжал кезінде өзін-өзі қорғау мақсатында оған жарақаттар салған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар