Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраудағы Binom мектебінің 12 жастағы оқушысы терезеден секіріп кетті

14:51, 11 қараша 2024

Атырауда 12 жастағы оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жасөспірім қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.

12 жастағы қыз Binom мектеп-лицейінің оқушысы екені анықталды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар