Атырауда Villa Beer House рестопабында көлік прокуратурасы қызметкерлері мен Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Басылым мәліметінше, 28 қаңтарда аталған мекемеде арақашты қонақтар алдымен сөзге келіп, кейін төбелеске ұласқан.
Жанжал кезінде мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары басынан ауыр соққы алған.
Жарақат алған шенеунік облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады, ол комаға түскен.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.