Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда әйелді зорлап, бірнеше жерден пышақтап, өлтіріп кеткен: Тың ақпарат шықты

21:13, 29 сәуір 2025 3891

Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде жас келіншектің денесі табылды. Құрбан болған келіншек – NCOC қызметкері екені анықталды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Сәуірдің 29-ы күні күндіз Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағалауында орналасқан беделді тұрғын үй кешендерінің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйел адамның мәйіті табылды.

Күзет пен бейнебақылау камераларына қарамастан, қаскөй ғимаратқа кіріп, арам ойын іске асырған.

Полиция бұл оқиғаға қатысты тек қысқаша пікір білдіріп, «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

Құқық қорғау органдары өзге сұрақтарға тергеу мүддесіне сілтеме жасап жауап беруден бас тартты.

Ал адам құқықтарын қорғаушылар жағдайдың мән-жайын ашуға тырысты.

Кешке қарай қаза тапқан әйелдің аты-жөні белгілі болды — бұл NCOC компаниясының игеру жоспарлау бөлімінің менеджері, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жетекші мамандарының бірі Бибігүл Шпанова екені анықталды.

Адам құқықтары комитеті таратқан мәліметке сәйкес, марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған, ал оның пәтеріндегі сейф ашылып, тонау дерегі орын алған.

Комитет өкілдерінің айтуынша, марқұмның туыстары оларға көмек сұрап жүгінген, олар тергеудің әділдігіне алаңдаулы.

 Құқық қорғаушылар тергеудің толық әрі ашық жүргізілуін, сондай-ақ қылмыстың марқұмның кәсіби қызметіне қатысы болуы мүмкін деген нұсқаның да тексерілуін талап етуде.

— Мемлекет отбасыға шынайы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және кінәлілерді тауып, әділ жазаға тартуға міндетті, — деп мәлімдеді Адам құқықтары комитеті.

Күзеті бар тұрғын үй кешенінде болған бұл қылмыс қалада үлкен резонанс тудырды. Қазір тергеу жалғасуда, іс ерекше бақылауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар