Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда 3 жасар бала Тоқаевтың алғыс хатын алды (ФОТО)

09:02, 11 сәуір 2025 542

2025 жылғы 10 сәуірде Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов үш жастағы Дінмұхаммед Жұмажанмен және оның ата-анасымен кездесті, деп хабарлайды Alash.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қаласының Атырау ықшам ауданында Ораза айт мерекесін атап өту кезінде кішкентай Дінмұхаммедтің қоқыс жинап жүрген сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралды.

Кездесу барысында Серік Шәпкенов Дінмұхаммедті тәрбиелегені үшін ата-анасына алғыс айтып, баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін жоғары бағалады.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының алғыс сөздері жазылған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы Айбек Дадебаевтың хатын табыс етті.

– Кейде бір әрекет көптеген сөзден де әсерлі болады. Дінмұхаммедтің жасы кіші болғанымен, оның ісі бәріміздің жүрегімізге жетті. Кішкентай Дінмұхаммедтің әрекеті – тазалық әркімнен басталады деген үндеу, – деді Шәпкенов.

Дінмұхаммедтің әкесі Ержан Хайрушев тұрғындардың бірі баласының әрекетін видеоға түсіріп, интернетке жүктегенін айтты.

– Ұлымның әрекеті күллі қазақстандықтардың жүрегіне әсер етеді деп ойламадық. Біздің отбасымыз да тазалықты жақсы көреді, сенбіліктерге белсене қатысамыз, – деді Хайрушев.

Кездесу соңында Серік Шәпкенов Дінмұхаммедке естелік сыйлықтар табыс етіп, ата-анасына алғыс айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар