Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау тұрғыны 5 жастағы қызының өліміне дәрігерлерді кінәлап Тоқаевтан көмек сұрады

15:04, 10 ақпан 2025 436

Атырау тұрғыны бес жастағы қызының өлімін дәрігерлерден көрді, деп хабарлайды Alash.kz.

Атыраулық әйел облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 5 жасар қызы Жасмин Нариманқызын құтқару үшін уақтылы шаралар қабылдамағанын айтады. 

Оның айтуынша, қызды жедел жәрдеммен ауруханаға жүрек соғысы әлсіреген шақта жеткізген. Алайда тахикардия белгілеріне қарамастан, дәрігерлер бірден реанимациялық әрекеттерді бастамаған. Олар алдымен оттегін қосып, содан кейін жүрек массажын жасаған, ал адреналин оның қатты талап еткеннен кейін ғана енгізілген.

Ол қызын құтқаруға болар еді сенімді әрі әділ тергеуді талап етіп президентке жүгінді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар