Атырау облысының Исатай ауданындағы Аққыстау ауылында теміржолда қайғылы оқиға болды. Ер адамды пойыз қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 13 тамызда түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Жол-көлік оқиғасынан кейін пойыз шұғыл тоқтатылып, теміржолдың осы бөлігіндегі қозғалыс уақытша шектелген.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу және оның абайсызда адам өліміне әкеп соғуы фактісі бойынша тергеліп жатыр.
Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтауда.
Тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпарат жарияланбайды.