Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау облысында 6 айлық сәби ауруханаға жетпей шетінеп кетті

19:30, 20 наурыз 2026

Атырау облысында 6 айлық сәби ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Ата-анасының айтуынша, оларға санитарлық авиация берілмеген, деп жазады Alash.KZ.

Баланың жағдайы бастапқыда отит пен жоғары температурадан басталған. Алайда дәрігерлер ұзақ уақыт нақты диагноз қоя алмай, дер кезінде ем тағайындалмаған.

Сәбидің жағдайы күрт нашарлаған соң, отбасы оны өз көліктерімен облыстық ауруханаға жеткізуді ұйғарған. Жол шамамен алты сағатқа созылған.

Өкінішке қарай, нәресте аурухана кіреберісінде көз жұмған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар