1 сәуірден бастап Атырау облысында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментіне мәлімдеді.
Тәртіп сақшылары заңсыз балық айналымына қатысты алты құқық бұзушылықты анықтады. Төрт факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жеті су қайығы, сегіз автокөлік, сондай-ақ 435 келі бекіре балығы мен 2,5 келі бекіре уылдырығы тәркіленді. Олар Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауытына ауыстырылды.