Атбасар қаласын топан су басты. Қалада төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Alash.kz.
2024 жылғы 11 сәуірде Атбасар қаласында сағат 4.58-де Жабай өзенінің төгілуі орын алды.
Барлық ескерту жүйелері дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды.