Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Танымал еуропалық клуб көз тікті”: Темірлан Анарбеков жайлы қуанышты хабар тарады

15:25, 02 қараша 2025 543

Болгарияның әйгілі футбол клубы ЦСКА (София) Қазақстан құрамасының және алматылық «Қайрат» командасының 22 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбековті қатарға қосуды көздеп отыр. Бұл туралы  KazFootball.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Софиялық ЦСКА - Болгарияның ең табысты клубтарының бірі. Команда ел чемпионатында 31 рет чемпион, ал 21 рет Кубок иегері атанған. Қазіргі таңда клуб ұлттық біріншілікте жетінші орында тұр.

Темірлан Анарбеков кәсіби мансабын «Атырау» жастар академиясынан бастаған. Кейін «Қайратқа» ауысып, елордалық «Жеңіс» клубында жалға ойнаған. Биылғы маусымда ол нағыз маусым жаңалығы атанып, қақпашы Александр Заруцкийдің орнын лайықты алмастырды.

Анарбеков «Селтикке» қарсы шешуші ойында керемет өнер көрсетіп, «сары-қаралар» командасына Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуына көмектесті. Сондай-ақ «Пафосқа» қарсы кездесуде (0:0) қақпасына бағытталған 5 соққыны қайтарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар