Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, тыныштық беріңіздер!". Мұхтар Шахановтың келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады

13:10, 07 ақпан 2026

Әлеуметтік желіде өзін ақын Мұхтар Шахановтың келіні ретінде таныстырған Жаңагүл Өмірбекова мәлімдеме жасады. Бұл туралы  Alash.kz хабарлайды.

Ол Facebook парақшасында тараған видеоларға байланысты пікір білдіріп, қайын атасы Мұхтар Шахановтың қазіргі денсаулық жағдайы ауыр екенін айтты. Оның сөзінше, ақынның есте сақтау қабілеті әлсіреп, айтқанын қысқа уақыт ішінде ұмытып қалатын жағдайға түскен.

Жаңагүл Өмірбекова бұл жағдайдың ақынның жақында екінші ұлынан айырылуымен байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, қайғыдан кейінгі психоэмоционалдық күй Мұхтар Шахановтың жалпы жағдайына қатты әсер еткен.

Сонымен қатар ол ақынның қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан оқиғалардан бейхабар екенін айтып, жұртшылықты сабыр сақтауға шақырды.

"Мен Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, әлеуметтік желіде Ата жарияланған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айрылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеудің, қаралаудың ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз Ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға!" – деді Жаңагүл Өмірбекова.

Мәлімдемеде Мұхтар Шахановтың ұлт алдындағы еңбегі ерекше екені, оның ана тілі мен ұлттық құндылықтарды қорғауға өмірін арнаған тұлға ретінде тарихта қалатыны атап өтілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар