Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайымен бірге түскен жаңа суретін жариялап, оқырмандарына қасиетті жұма күніне орай ізгі тілегін арнады, деп жазды Alash.kz.
Жуырда алғаш рет ата атанған өнер иесі немерелі болған қуанышын әлеуметтік желіде бөлісуді жалғастырып жүр.
«Ата мен әжеден мың сәлем! Қасиетті жұма күні тілектеріміз қабыл болсын», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Әншінің жазбасына пікір қалдырған желі қолданушылары оны ата атануымен құттықтап, отбасына бақ-береке тіледі. Сондай-ақ жаңа туған немересіне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақытты өмір тілеп, игі ниеттерін жеткізді.