Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ата-анасы ұйықтап жатқан: Алматыда 3 жасар қыз 7-қабаттан секіріп кетті

16:27, 19 тамыз 2024 1239

Алматыда 3 жасар қыз терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Куәгерлердің айтуынша, жантүршігерлік оқиға Алатау ауданы Райымбек даңғылы бойындағы "Ақкент" шағын ауданында болған. 

7 қабаттан секіріп кеткені белгілі болды. Бүлдіршін ата-анасы ұйықтап жатқанда, олардан бұрын оянып абайсызда терезеден құлап кеткен. 

Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді.

“Алатау аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар