Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ата-анаң Алла ма, Құдай ма?". Димаштың әкесі "сәлем салмайтын келіндерге" тоқтау қойды

10:20, 26 қыркүйек 2024 2457
 

Әлемге танылған белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев қазақ салтына қатысты, соның ішінде келіннің сәлем салу әдебі жайлы ой айтып, оқырман қауыммен сыр алысты, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы .

Қанат Айтбаев өз сөзінің басында келіннің сыйластығы, үлкен мен кішіге деген ізеті жайлы баяндап, кішіпейілдіктің кілті жайлы атап өтті. Кейін сәлем салудың ерекшеліктерін жіктеді:

Қазір келіннің «Ата-анаң Алла ма, Құдай ма? Сәлем салмаймын адамға» деп айтып жатқанын естіп қалғанда, тосырқап қаламын. Келіннің үлкенге сәлем салуының 3 факторы бар: келін қайын ағасына сәлем етеді, өзінен үлкен апаларына сәлем етеді, ата-анасына сәлем етеді. Сәлем салған кезде қайын аға өзінің орнын біле қояды. Ол аға екенін біліп, салмақты формасына келеді. Қайын апа да өзінің салмақты формасына келеді. Кіші ізет жасап тұрғанда, «Бақытты бол!» деп батасын береді. Ортада бір сыйластық қалыптасады. Ата мен енеге сәлем салғанда, ол да «Бақытты бол! Өркенің өссін!» дейді. Келіннің ештеңесі кеміп қалмайды, жақсы сөз естіп, жақсылыққа ұмтылатын бір ұрпақ тәрбиесі қалыптасады, – деді Қанат Айтбаев.

Оқыраман қауым да әнші әкесінің сөзін құптап, ойының бір жерден шыққанын жеткізіп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар