Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ата-аналарымен бірге оқиға орнында анықтайтын боламыз»: Қорғаныс министрі сарбаздардың зардап шегуіне қатысты тың дерек айтты (ВИДЕО)

20:37, 27 ақпан 2026

Қазақстанның Қорғаныс министрі бейбіт уақытта әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты мәлімдеме жасап, ведомствоның бұл бағыттағы ұстанымын түсіндірді, деп жазады Alash.kz. 

Министрдің айтуынша, әскер қатарында орын алатын қайғылы оқиғаларды тергеу жұмыстары тікелей министрліктің құзырына кірмейді. Бұл мәселемен Ішкі істер министрлігі мен прокуратура органдары айналысады.

Ведомство басшысы мұндай оқиғалардың егжей-тегжейлі мәліметтері неге қоғамға толық жарияланбайтынын да түсіндіріп өтті. Оның сөзінше, ақпаратты шектеудің басты себебі — этикалық нормалар мен қаза тапқандардың отбасыларының жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету. Министр әскердегі қауіпсіздік мәселесіне тоқтала келе, өткен жылғы статистикалық деректерді де тілге тиек етті.

Қазір бірқатар шаралар қабылдайтын болдық. Оқыс оқиға орын алған жағдайда, сарбаздың ата-анасымен бірге әскери бөлімшеге барып, істің анық-қанығын егжей-тегжейлі зерттейміз. Тек сарбаздармен ғана сөйлесіп, арнайы құрылған топ болған жайтты анықтайды. 

Мұндай жағдайлардан ешкім де сақтандырылмаған. 2025 жылы суицид салдарынан екі әскери қызметкерден айырылдық.

Қазіргі таңда әскери бөлімдердегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Алайда тергеу органдарының қорытындысы шыққанға дейін кез келген оқиға бойынша нақты айып тағу немесе себебін дөп басып айту мүмкін емес екені де назардан тыс қалмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар