Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ата-аналар жазаға тартылады". Ақтөбеде екі студент пен бір оқушы суға батып кетті

17:24, 14 маусым 2024 836

Ақтөбеде соңғы екі тәулікте үш адам суға батып кетті. Олар рұқсат етілмеген жерге шомылған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ақтөбеде суға кеткен 17 жастағы бозбаланың денесі Қарғалы өзенінен,1,5 метр тереңдіктен табылды. Оның қала мектептердің біріндегі жоғарғы сынып оқушысы екені белгілі болды.

Ал кеше бір мезетте тағы екі адам дәл осы өзенге батып кетті. Олардың екеуі де студент. Біріншісінің денесін құтқарушылар алып шықса, екіншісін ұзақ іздеуге тура келген. Оны еріктілер тауып алды. Құқық қорғаушылар күнделікті рейдтік шараларды күшейтіп жатыр.

Жағалауда үлкендердің қарауынсыз жүрген және арнайы орындардан тыс жерлерде шомылған балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар