Биыл қалада бір миллионға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер) отырғызылады. Оның басым бөлігі қазірдің өзінде отырғызылды, сол сияқты жасыл белдеу де назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, жасыл желектер көрікті жерлерге, мәдени, спорттық, білім беру және т.б. нысандарға отырғызылады, деп хабарлайды Alash.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Мысалы, Байқоңыр ауданында 1500-ден астам ағаш, 8 мың шаршы метрден астам гүлзар, 732 п.м. бұталы қоршау, 5000-нан астам сәндік гүлді бұталар отырғызылды.
2025 жылы тұрақты суаруды қамтамасыз ету және екпелерді қолдау үшін 1500 ағаш, 31 мың бұта, 6 мың шаршы метр гүлзар және т.б. отырғызу жоспарланып отыр. Көгалдарды тұрақты суару және күтіп-баптау үшін биыл ұзындығы 28,8 шақырымды құрайтын 5 аумаққа жергілікті суару жүйелері орнатылды. Бұл шаралар жасыл кеңістікті сақтауға және суды тұтыну мөлшерін азайтуға көмектеседі.