Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада заң бұзған Қытай азаматы елден мәжбүрлеп шығарылды

10:34, 13 қазан 2024 610

Қытай азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден мәжбүрлеп шығарылды, – деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

Елордада "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын 400-ден астам бұзушылықты анықтады. Құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Әкімшілік соттың шешімімен 70-тен астам шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды.

 

Мәселен, жедел іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасының 33 жастағы азаматын анықтады, ол 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР шегінен шығарылған, алайда қазіргі уақытқа дейін елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған. Мигрантты ҚР шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберді. Полицейлер шетелдікті әуе рейсімен Үрімжі қаласына жіберді.

Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына жүгінеді. Егер сізде қала аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды немесе 102 арнасына қоңырау шалу сұралады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар