Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада түнде отшашу атқан ер адам 5 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

20:10, 30 қазан 2026

Астанада жақын адамын мерекемен ерекше құттықтағысы келген 39 жастағы тұрғынның әрекеті әкімшілік қамаққа алуына себеп болды, деп жазады Alash.kz.

Ер адам түнгі уақытта отшашу атып, айналасындағы тұрғындардың тыныштығын бұзған. Осыған байланысты полиция оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.

Істі қараған сот ер адамның әрекетін құқық бұзушылық деп танып, оны 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылдады.

Осы орайда полиция өкілдері қала тұрғындарын түнгі уақытта отшашу атпауға және өзгелердің тыныштығын құрметтеуге шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар