Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен шіркеу салынады, депутаттар қарсы шықты (ВИДЕО)

11:54, 05 ақпан 2026

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі кафедралды православие шіркеуі салынып жатыр. Бұл туралы елорда мәслихатының отырысында Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков хабарлады, деп жазады Alash.KZ.

Ғибадатхана қаланың сол жағалауында, Ұлттық ғарыш орталығы маңында бой көтеруде. Осыған байланысты депутаттар құрылыстың қажетіне және оны қаржыландыру көздеріне қатысты сұрақ қойды.

Мәслихат депутаты Бауыржан Смаилов қала аумағында мұндай көлемдегі діни нысан салудың орындылығына күмән келтіріп, жобаның қоғамдық талқылаудан өткен-өтпегенін сұрады.

Өз кезегінде Ришат Тұрдыбеков жоба елорданың бас жоспарына енгізілгенін және 2018–2019 жылдары бекітілгенін айтты. Оның сөзінше, собордың құрылысына бюджеттен қаржы бөлінбейді, жоба қайырымдылық қаражат есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Талқылау барысында депутаттың сұрақтарын жалғастыруына мүмкіндік берілмей, әкім қосымша түсіндірме беретінін айтып, отырыс модераторы күн тәртібін өзгертті.

Айта кетейік, аталған православие ғибадатханасының құрылысы бұған дейін де қоғам назарын аударған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар