Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада лифт үзіліп бір адам көз жұмды

18:45, 13 қараша 2025 220
 

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт үзіліп кетті, салдарынан бір адам мерт болды, деп жазады Alash.KZ.

Оқиға Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан "Арыстан" тұрғын үй кешенінде болған.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сүйенсек, жөндеу жұмыстары кезінде лифтке жауап беретін компанияның бір қызметкері қаза тапқан. Екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Астана Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар