10-16 ақпан аралығында Астана қаласында халықаралық практикалық семинар-тренинг өтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бочча саласындағы жаттықтырушылар мен спортшылардың біліктілігін арттыружәне тәжірибе алмасу мақсатында аталған іс-шара ұйымдастырылған болатын. Семинар мен тренингтердің негізгі мақсаты – жаттықтырушылардың кәсіби құзыреттерін күшейту, сондай-ақ спорттық менеджмент және психологиялық дайындық бойынша маңыздымәселелерді талқылау.
Семинар барысында спортшыларды классификациялау, спорт психологиясының рөлі, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер үшін менеджмент негіздері сияқты маңызды тақырыптар қозғалды. Оған қоса Қазақстан Бочча Федерациясының функциялары, аймақтардағы федерация басшыларының құзыреттері, спорттық федерациялардың заңдық және қаржылық мәселелері де сөз болды.
Осы шараға арнайы Оңтүстік Кореядан Квон мырза және Таиландтан Джэм мырза келді. Олар жаттықтырушылар мен спортшылар үшін шеберлік кластарын өткізіп, өзелдеріндегі әдістемелерімен бөлісті.
Кәсіби құзыреттіліктерді күшейту бойынша сабақты «Камеда» қоғамдық қоры жүргізіп, спорт саласындағы мамандардыоқыту мен дамытудағы заманауи тәсілдер туралы түсіндірді.
Семинарға Қазақстанның түрлі аймақтарынан 15 спортшы, 13 жаттықтырушы және 17 спортшыларды бақылап жүретіндер қатысты. Олардың ішінде Қарағанды, Талдықорған, Павлодар облысы, Семей, Ақтөбе, Шымкент, Маңғыстау облысы, Ақтау, Атырау, Жаңаөзен, Жамбыл облысы және Қостанай қалаларының өкілдері болды. Қатысушылар спорттық федерациялардың қаржылық менеджменті, гранттық өтінімдерді әзірлеу және спорт федерацияларына қаржы тарту мәселелерін талқылады.
Семинар қатысушылардың кәсіби дамуы үшін маңызды кезең болды, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және адаптивті спорт саласындағы тәжірибе алмасуға ықпал етті.
Халықаралық дәрежедегі семинар «ERG Komek» корпоративтік қорының қолдауымен өткізілді.