Астана қаласының прокуратурасы білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ магистратура мен докторантураға түсуге жәрдем көрсету туралы заңсыз уәделермен байланысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, деп хабарлайды Alash.KZ
Сотталушы азаматтарды білім беру саласында байланыстары бар екеніне және оқуға түсу мен грант алу мәселелерін кепілді түрде шешуге мүмкіндігі бар екеніне сендіріп, оларды адастырған. Оның уәделеріне сенген жәбірленушілер оған қомақты ақша қаражатын берген.
Шын мәнінде қандай да бір қызмет көрсетілмеген, ал алынған ақша қаражатын қаскөй иемденіп, өз қалауынша жұмсаған.
Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 111 азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы залал шамамен 70 миллион теңгені құрады. Бұл ретте жәбірленушілердің басым бөлігіне келтірілген залал өтелмеген.
Кінәсін мойындағанына қарамастан, сот сотталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі 2026 жылғы 12 мамырда заңды күшіне енді.