Жұртшылық назарынан тыс қалған Дариға Назарбаева көпшілік алдында қайта көрінді, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Астана–Алматы бағытындағы тұрақты әуе рейсінде байқалды. Бұл туралы блогер Әлішер Елікбаев Telegram-арнасында хабарлап, оның ұшақта түсірілген фотосын жариялады.
Блогердің жазуынша, ол ұшақ қонар сәтте көрші орында Дариға Назарбаева отырғанын байқаған. Айтуынша, экс-сенат төрағасы тұрақты рейспен ұшқан.
Дариға Назарбаева — Қазақстанның саяси өмірінде ұзақ жылдар бойы белсенді қызмет атқарған тұлға. Ол әр кезеңде Мәжіліс депутаты, премьер-министрдің орынбасары, сондай-ақ 2019–2020 жылдары Сенат төрағасы лауазымдарын атқарды. 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін мемлекеттік қызметтен кеткен соң, қоғамдық кеңістікте сирек көрініп жүрген еді.