Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана соты Самат Әбіштің кінәсін толық мойындағанын мәлімдеді

13:49, 20 наурыз 2024 429

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деп айыпталған Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі) қаралғанын мәлімдеді.

«Құпия» белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өткен.

Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан Самат Әбішті белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл ретте ҚК-нің 63-бабының негізінде жазаны пробациялық бақылау белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде деп кесілген. 

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, делінген хабарламада.

Самат Әбіш кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген.

ҚР ҚК 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы етілді. Сот сотталушының жас балаларының болуын және оның шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. ҚР ҚК 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот Қазақстан Республикасының Президентіне арнаулы атағынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады, делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар